В. Путин Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігі сайлауындағы жеңісімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

В.Путин Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, игілік және жұмысына табыс тіледі.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында Ресей Президенті Елбасын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігі сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Екі ел көшбасшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Соңғы жаңалықтар