В.Путин Н.Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады

МӘСКЕУ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады.
None
None

Өзінің құттықтауында В.Путин соңғы кездері ресей-қазақстандық одақтастық пен тату көршілікті нығайту үшін көп нәрсе істелді, деп көрсетті. РФ басшысы сондай-ақ жаңа басталатын жылда да екі елдің туысқан халықтарының игілігі, еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мүддесі үшін барлық салалардағы тиімді ынтымақтастық өрістей түсетініне сенімін білдірді, деп хабарлады Ресей Президентінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар