В.Путин президенттікке үміткер ретінде ОСК-ге құжаттарын тапсырды
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат. РФ Премьер-министрі, «Біртұтас Ресей» партиясының төрағасы Владимир Путин Орталық сайлау комитетіне Ресей президенттігіне үміткер ретінде тіркелу үшін құжаттар тапсырды. Осы үшін ол ОСК-ге өзі келді.
Естеріңізге сала кетейік, В.Путин алдағы уақытта Ресейде өтетін мемлекет басшысының сайлауына РФ президентіне үміткер ретінде 2011 жылдың 27 қарашасында «Біртұтас Ресейдің» XII съезі барысында ұсынылды. В.Путинді партия атынан РФ Президентінің қызметіне ұсыну бойынша құпия дауыс беру кезінде съезд делегаттары бірауыздан дауыс берді.
Бұның алдында РФ Президенті қызметіне дауысқа түсу ниетін тағы бес үміткер білдірген болатын. Олардың барлығы өздерін-өздері ұсынды. Арасында ең танымалдары - Владивосток қаласының бұрынғы мэрі Виктор Черепков пен «Өзге Ресей» бірлестігінің көшбасшысы Эдуард Лимонов.
РФ Президентін сайлау 2012 жылдың 4 наурызында өтеді.