В.Путин ТМД, Абхазия, Оңтүстік Осетия елдерінің көшбасшыларына және Грузия азаматтарына Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне орай құттықтау жолдады

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Ресей Президенті ТМД, Абхазия, Оңтүстік Осетия елдерінің көшбасшыларына және Грузия азаматтарына Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне орай құттықтау жолдады.
None
None

Бұл туралы РФ Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Владимир Путин елдер басшылығының ортақ парызы - бостандық пен тәуелсіздік жолындағы ұрыстарда қаза тапқан батырларды мәңгі есте сақтау, қазіргі ортамызда аман-есен жүрген ардагерлерге қамқорлық жасау екендігін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы 1945 жылғы жеңісті мамыр туралы қасиетті естелік, ортақ тарихымыздың қаһармандық беттері алдағы уақытта да біздің елдерімізді біріктіріп, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға берік негіз ретінде қызмет етеді деп атап көрсетті.

В.Путин құттықтауының соңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне шын жүректен құттықтауын жеткізіп, оларға ұзақ өмір, денсаулық және игілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар