В.Путин ТМД-да бірыңғай қаржы нарығы құрылу қажеттігін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин Мемлекеттік думаға ТМД елдерінде доллардан бас тарту қарастырылған заң жобасын ұсынды. Осылайша, Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және өзге елдердің бірыңғай қаржы нарығы құрылмақ, деп хабарлады Утро.ру.
None
None

Президент сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, «Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы елдердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласында ынтымақтастық туралы келісім» аясында есеп айырысуда доллар мен еуродан бас тартуға мүмкіндік беретін механизм құрылады.

Келісімнің ратификациялануы мен әрі қарай жүзеге асуы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына, сонымен қатар ТМД аясында интеграциялық үрдістердің тереңдеуіне ықпалдасуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар