В. Сейтімова ТМД Экономикалық сотының судьясы қызметіне сайланды - Сенат
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Венера Сейтімованы тәуелсіз мемлекеттер достастығы Экономикалық сотының судьясы қызметіне сайлады.
Тоқтала кететін жәйт, ТМД Экономикалық сотының судьясы Сәбит Жолдыбаев өкілеттіктер мерзімінің өтуіне байланысты қызметінен босатылған болатын. Оның орнына ҚР Президенті Венера Сейтімованы сайлау туралы Парламент Сенатына ұсыным жасаған. Бұл ұсынысты палата депутаттары бірауыздан қолдады.