В.Школьник: 2020 жылдан кейін Қазақстанда жылына 100 млн. тонна мұнай өндіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылдан кейін Қазақстанда жылына 100 млн. тонна мұнай өндіріледі. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Транзиттік дәлізді дамыту - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік кілті» атты Энергетикалық хартия конференциясында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.
None
None

«Тәуелсіздік жылдары ішінде біз мұнайдың дәлелденген мол қоры бойынша үздік 15 ал газ қоры бойынша үздік 20 мемлекеттің қатарына ендік. Сонғы жиырма жыл ішінде біздің елімізде мұнай өндіру көлемі үш еседен астамға өсті және тәулігіне 1,6 млн. барелль мұнай өндіріледі», - деді министр.

Оның айтуынша, осы уақыт аралығында елімізде газ өндіру көлемі де бес есеге артқан. Бүгінде Қазақстанда жыл сайын 40 млрд. текше метрден астам газ өндірілу үстінде.

«Біздің болжамымызша, 2020 жылдан кейін Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі жылына 100 млн. тоннадан асып жығылатын болады немесе тәулігіне екі миллион баррельді құрайды», - деді В.Школьник.

Соңғы жаңалықтар