В. Школьник: Қазақстан Иранмен мұнай своп-операцияларын жасауға қызығушылық танытып отыр
Бұл туралы бүгін Астанадағын «KAZENERGY-2015» оныншы Еуразиялық форумы аясындағы баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.
«Иранмен арадағы мұнай саласындағы своп-операциялар біз үшін қызығушылық тудыруда. Атап айтқанда, осы елге қатысты санкциялар шешілгеннен кейін, біз осы жұмыспен айналысатын боламыз», - деді В. Школьник.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың қыркүйегінде Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани Қазақстан мен Иран мұнай саласындағы своп-операцияларды жаңғырту мүмкіндігіне ие екенін мәлімдеген болатын. Екі ел бұған дейін мұнай своп-операцияларымен айналысқанын еске салған Иран Президенті: «Алайда бұл своп-операциялар тоқтатылған. Біз осыны қайта жаңғырту мүмкіндігін талқыладық, бұл - аса маңызды қадам», - деді.