В.Школьник: Мұнай бағасы кен орнын пайдалану құқығын алу бағытындағы дүрлікпені төмендетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай бағасындағы өзгерістер кен орнын пайдалану құқығын алу мен геологиялық барлауға қаржы салу бағытындағы дүрлікпені төмендетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.
«Дегенмен де біз мұнай-газ секторында геологиялық барлауға жариялаған тендерде инвесторлар бар екенін көріп отырмыз. Келісімшарттар қарастырылып, бекітіліп жатыр. Атап айтқанда, қазіргі төмен бағаға қарамастан, адамдар геологиялық барлауға барып жатыр»,-деді министр.
Мысал ретінде ол Теңіз кен орнын кеңейтудің екінші кезегі бойынша құрылыс жұмыстарына тоқталды.
«Қазіргі кезде осы жобаны бекіту туралы мәселені шешіп жатырмыз. ТШО-ны кеңейтуде алдағы бес жылда 38млрд. доллар инвестиция салынады»,-деді министр.