В.Янукович сапар жасағалы отырған Кировоград қаласында үш жарылыс болды
АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Президент Виктор Януковичтің өңірге жасағалы отырған сапарының қарсаңында бүгін Украинаның Кировоград қаласында үш жарылыс болды, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Бомбалар әкімшілік ғимараттардың маңында іске қосылған, біреуі Кировоград облысы прокуратурасының жанында жарылған. Зардап шеккендер жоқ. Жарылыс фактілері бойынша қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.