В.Янукович Украина парламентіне сайлау жүйесін өзгертуді ұсынды

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Украина президенті Виктор Янукович Украина парламентіне сайлау жүйесін өзгертуді ұсынды.

В.Янукович Украина парламентіне сайлау жүйесін өзгертуді ұсынды

Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы депутаттардың сессияға қатысушылығы төмен екендігіне түсініктеме бере отырып телеэфирде мәлім етті, - деп хабарлайды РБК.

«Егер біз оларды округтарға бекітпесек, парламенттегі жағдай өзгермейді», - деді президент.

Президенттің айтуынша, «2004 жылғы сайлау жүйесіне енгізілген өзгерістер үлкен қателік болды». «Бүгінде депутаттар сайлауы кезінде қолданылатын тепе-теңдік жүйе халықтық депутаттардың аймақ тұрғындарына қызмет ету ынтасынан айырды. Сондықтан, заңды өзгерту қажет», - деді мемлекет басшысы.

Виктор Янукович хабарлағандай, бұндай өзгерістерді оппозиция өкілдері мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен құрылған арнайы жұмыс тобы дайындауда. «Олар заң жобасын дайындауда және Президент қол қоюы үшін парламентке жіберіледі», - деді Виктор Янукович.