В.Янукович Украина премьерлігіне үш кандидатты атады

АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - Украинаның жаңадан сайланған президенті Виктор Янукович, ел премьерлігіне үш кандидаты бар екенін мәлім етті,

В.Янукович  Украина премьерлігіне  үш   кандидатты атады

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Өңірлер партиясы премьерлікке Сергей Тигипко, Арсений Яценюк және Николай Азаровтың кандидатураларын қарастыруда. «Нақты таңдау кешірек, Жоғарғы Радада депутаттық фракциялардың коалициялары жасақталу барысында жасалады», - деп мәлім етті В.Янукович.

Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 25-інде Киевте В.Януковичтің инаугурациясын өткізуге қазіргі таңда ешқандай кедергі жоқ. Осының алдында ел Премьері Юлия Тимошенко Украинаның Жоғарғы әкімшілік сотына берген шағым-арызын қайтып алды. Судьялар шағым-арыз бойынша істі жапты. Осылайша, В.Януковичтің сайлаудағы жеңісі заң жүзінде ресімделіп, ресми танылды.