13:06, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
В.Ющенко Петербор экономикалық форумына барудан бас тартты
КИЕВ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат – Украина Президенті Виктор Ющенко маусымның 4-6-сы аралығында өтетін Петербор экономикалық форумына барудан бас тартты,
деп хабарлады журналистерге Украина Президенті хатшылығы басшысының орынбасары Андрей Гончарук. ҚазАқпарат бұл туралы РБК агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Хатшылықтан мәлім еткендей, президент бастаған украиналық делегацияның сапардан бас тартуына «форум бағдарламасында президенттік сегменттің болмауы» себеп болып отыр. Бұған дейін, Санкт-Петербор форумы барысында Виктор Ющенко ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен кездесу өткізеді деп пайымдалған болатын. XII Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумы Ресей Президентінің қолдауымен және қатысуымен өтеді. Жыл сайын маусым айының басында өтетін бұл форумда әр елдің бизнесмендері мен билік өкілдері іскерлік келісімдер жасау, келіссөздер өткізу, сондай-ақ экономиканың өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндіктеріне ие болады.