19:37, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
В.Ющенко «Украина мұнай-газы» төрағасымен кездесу өткізді
КИЕВ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат – Президент Виктор Ющенко «Украина мұнай-газы» ҰАК басқармасының төрағасы Олег Дубинамен кездесу өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Укринформ» агенттігіне сілтеме жасап. «Мұнай-газ» басшысы Президентті Украинаны осы сәттегі орын алып отырған газбен қамтамасыз ету жағдайы туралы хабардар етті. Бүгінгі күні, Украина халқын және кәсіпорындарды қамтамасыз ету проблемасы жоқ деп сендірді ол, жалпы алғанда ел тәулігіне 253 млн. текшеметр газ тұтынады.О.Дубина сонымен қатар, қаңтардың 16-сындағы жағдай бойынша өздерінің газдарын өндіруді арттыру жөнінде барлық іс-шаралардың қабылданғанын хабарлады ? елде тәулігіне 61,9 млн. текшеметр көгілдір отын өндіріледі. Іс жүзінде әңгіме ай басынан бері өздерінің газын өндіру айтарлықтай ұлғайғаны жөнінде болып отыр және жоспарланған 586 млн. орнына 860 млн. текшеметр құрағанын атап өтті «Мұнай-газ» басшысы.