В.Ющенко Ю.Тимошенко мен В.Януковичтің коалициясына қарсы шықты

КИЕВ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Юлия Тимошенконың блогы мен Өңірлер партиясының коалициясы Конституцияға қарсы әдіспен ғана құрылуы мүмкін. Бұл туралы Украина президенті Виктор Ющенко мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Украина Президентінің айтуынша, кез-келген коалиция Конституция аясындағы «өз жолымен» жүруі керек. Ал Юлия Тимошенконың блогы мен Өңірлер партиясының коалициясы тек конституцияға қарсы қадаммен ғана жасала алады: «яғни, Ю.Тимошенко мен В.Янукович парламентте президенттік сайлау өткізу туралы келісімге келеді. Бұл конституциялық қадам емес. Бұл құқық пен бостандықты бұзу», - дейді В.Ющенко. В.Ющенконың айтуынша, экономикалық-қаржы дағдарысының салдарын еңсеру мәселесі бойынша ортақ бағытқа қатысты болса, ол Тимошенконың блогымен де Өңірлер партиясымен де келіссөз үстеліне отыруға әзір. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Украинаның Конституциялық соты 2009 жылы қазанның 25-іне кезекті президенттік сайлауды белгілеу туралы Жоғарғы Раданың сәуірдің 1-індегі қаулысының Конституцияға қайшылығы туралы В.Ющенконың ұйғарымы бойынша шешімді жария етеді. Бұған дейін Конституциялық сот парламентті тарату мүмкіндігіне қатысты президенттің сауалына болымсыз жауап берген болатын.
Соңғы жаңалықтар