Вадим Басин «АрселлорМитал Теміртау» АҚ Көмір департаменті басшысының м.а. болды

Вадим Басин
Фото: gov.kz

Вадим Басин «АрселлорМитал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің бас директоры міндетін атқарушы болып тағайындалады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко шахтасы кеншілерінің туған-туыстарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Мен Президенттің меншік иесін ауыстыру қажеттігіне қатысты ұстанымын толықтай қолдаймын. Президент бүгін Владимир Басиннің бас директор міндетін атқарушы лауазымына тағайындалатынын айтты. Ол жұмыс тәжірибесі мол өте тәжірибелі маман», - деді Мәжіліс депутаты Арман Халықов Мемлекет басшысының жаңа тағайындауына қатысты білдірген пікірінде.

Сонымен қатар ол шахтада қалып қойған қалған шахтерлерді құтқару мәселесіне қатысты пікірін білдірді.

«Жер бетіне шыққан жігіттердің жарақатына қарағанда, меніңше, өкінішке қарай, олардың мүмкіндіктері өте аз», - деді депутат.

Айта кетейік, Вадим Басин қазіргі уақытта Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.

Соңғы жаңалықтар