Вадим Краснослободцев «Барыс» хоккей клубынан кетті

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылдаушысы Вадим Краснослободцев астаналық «Барыс» клубынан кетті.
None
None

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Ол жаңа маусымда Нижний Новгородтың «Торпедо» клубы үшін тер төгеді. 29 жастағы спортшы аяқталған чемпионатта + 12 пайдалылық көрсеткішімен 44 кездесуден 30 ұпай (10-20) жинаған болатын.

Ал бұған дейін «Барыспен» келісімшартты Найджел Доус, Дастин Бойд, Роман Савченко мен Самвел Мнацян ұзартқаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар