Вагоннан сыртқа қоқыс лақтырған 4 бірдей жолсерік жазаланды
Достық станциясының көлік полицейлері «Таза Қазақстан» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында «Достық-Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызының 4 бірдей жолсеріктерін ӘҚБтК 434-бабы 2-бөлігі яғни, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактісімен әкімшілік жауапқа тартты.
Көлік полицейлері тексеру барысында жолсеріктердің Нұр-Сұлтан қаласының 1968, 1971, 1976, 1990 жылғы тұрғындары екені анықталды.
«Құқықбұзушы жолсеріктер вагоннан шыққан комуналдық қалдықтарды Достық станциясындағы темір жол вокзалының маңайына тастап, қоғамдық орынды ластаған. Жолсеріктерге 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды» деп мәлім етті көлік полицейлері.
Еске сала кетейік, 23 шілде мен 30 тамыз аралығында Көліктегі полиция департаменті мен оның желілік бөліністерінің қызмет көрсету аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр.
Акцияның мақсаты – азаматтарды қоғамдық ортаны таза сақтауға шақыра отырып, экологиялық заңбұзушылықтарды анықтау және оның алдын алу.