18:01, 19 Шілде 2022 | GMT +5
ВАК қазақстандықтарға көпшілік орында және көлікте қайтадан маска тағуды ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия халыққа кісі көп жиналатын жерлерде маска тағуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мына орындарда медициналық маска тағуға кеңес беріледі:
- халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, тж вокзалы, автовокзалдар, базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктер, көрермендерді қатыстыра отырып өткізілетін спорттық шаралар);
- ұйымдасқан ұжымдарда, көліктің барлық түрінде (қоғамдық көлік, әуе, тж, халықаралық автобус тасымалдары).