Вакцина алар алдында қандай рәсімдер жасалуы керек

«Вакциналау кезінде екпеге келісетіні немесе бас тартатыны туралы қолхат алынады. Екпе қояр алдында дәрігер баланың ата-анасына тиісті мәліметтерді беруі керек. Яғни вакцинаның сипаты, қандай инфекцияға қарсы қойылып жатқаны жайында, одан қандай реакция болатындығы туралы, сондай-ақ вакцинаның құрамы жайында түсінік береді», - деді ол онлайн брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, бұл шаралар баланың ата-анасы вакцина туралы хабардар болуы үшін жасалады.
«Осыдан кейін баланың ата-анасы екпеге келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы шешім қабылдайды», - деді спикер.
Сонымен қатар ол екпеден бас тарту кейіннен қандай салдарға алып келуі мүмкін екенін айтты.
«Вакцинадан бас тарта отырып, ата-ана өзіне тиісті жауапкершілікті алады, яғни бұл жағдай қандай да бір мағынада баланың болашағына әсер етуі мүмкін. Себебі өзге елдерде студентті оқуға қабылдау кезінде нақты вакциналарға тиісті сертификаттың болуын сұрайды. Сонымен бірге, ата-ана баланың денсаулығы үшін өзіне жауапкершілік алады», - деді Д. Көбжасаров.