Вакцина алмаған адамдарға қызмет көрсету саласында күндізгі жұмысқа шығуына шектеу алынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлерге күндізгі режимдегі жұмысқа шығуға рұқсат беріледі (қызмет көрсету саласының объектілері) шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешім ішінде « COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеуді (қызмет көрсету саласының объектілері) алып тастау» деген тармақ бар.