Вакцина - коронавирустық инфекциядан сақтанудың бірден-бір жолы — Нұрбек Нышанов

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының бас санитар дәрігері өңір тұрғындарына арқаны кеңге салуға болмайтынын ескертеді. Нұрбек Нышановтың айтуынша, карантиндік талаптарды орындамау азаматтардың жаппай ауруға шалдығуына әкеліп соғуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өткен айда екі рет вакцина қабылдаған департамент басшысы аймақтың жасыл аймақтар тізімінде болғанымен, көршілес қалалар мен облыстардағы жағдайлардың күрделенуі алаңдатып отырғанын айтады. Сондықтан сақтық шараларын күшейткен жөн деп отыр. Ал, короновирустық инфекциядан сақтанудың бірден-бір жолы вакцина екендігін мәлімдейді.

«Соңғы екі аптада өңірде короновирус 36 %, пневмония 54 % өскені байқалады. Карантиндік талаптарды орындамау, яғни бетперде тақпау, той-жиындарға, көпшілік жиналатын жерлерге бару, сондай-ақ үй-жағдайларында да қарапайым талаптарды сақтамау сынды себептер азаматтардың ауруға шалдығуына әкеліп отыр. Жыл басынан бері облыста коронавирустық инфекцияның расталған 818 жағдайы тіркелді. Наурыз айының 30-31 күндері КВИ-дің 15 жағдайы тіркелсе, пневмониямен 28 азамат тіркелді. Осы уақытқа дейін облыста Covid-19 коронавирусты инфекциядан 4493 жағдай расталды. Жыл басынан бері 625 пневмония аурушаңдығы тіркелді», - дейді Нұрбек Нышанов.

Облыстың бас санитар-дәрігері сондай-ақ, тұрғындар арасында отбасылық, мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру толастамай тұрғанын алға тартады. Мәселен, жыл басынан бері өңірде жасырын 192 мерекелік іс-шара ұйымдастырылғаны белгілі болды.

«Сондықтан өңір халқын өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, вакцина салдырудан қорықпау қажет. Аймақта қазіргі таңда 12700 азамат өз еріктерімен covid-19-ға қарсы екпе қабылдады. Сәуір айында өңірге 10700 дозасы келеді деп күтілуде»,- деді Нұрбек Нышанов.


Соңғы жаңалықтар