Вакцина өңірлерге уақытылы жеткізіледі - Алексей Цой

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вакцина кестеге сәйкес жеткізіліп, өңірлер сұранысы қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вакцина өңірлерге уақытылы жеткізіледі -  Алексей Цой

«Біріншіден, жеткізілім кестесі бойынша бізде вакцинаның әрбір партиясы біртіндеп келіп жатыр. Екпе салдырған адамдар көрсеткіші ерікті түрде барғандар санына қатысты болып отыр. Қазіргі кезде вакцина салдыруға барғандар саны артып келе жатқанын байқап отырмыз. Вакциналар жоспарлы түрде жеткізілетінін атап өткен жөн. Әр өңір бойынша нақты бекітілген көлем бар. Сондықтан ешқандай проблеманы көріп тұрғаным жоқ. Вакцина уақытылы жеткізіліп, өңірлер қажеттілігі қамтамасыз етіледі», - деді А. Цой Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол вакциналау елімізде ерікті түрде жүргізілетінін және осы бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші және екінші компоненті қанша адамға салынғанын айтты.