Вакцина туралы ертегі кітапқа балалар байқауындағы үздік суреттер таңдалынып алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Интерконтиненталь қонақүйінде балалардың «Кел ертегі суретін саламыз!» атты республикалық суреттер конкурсы аяқталды. Осы байқауға қатысты баспасөз мәслихаты өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Жеңімпаздардың суреттері ертегінің сюжеттерін әрлеу мақсатында кітапқа енеді. Нәтижесінде алғашқы рет балалардың өздері жасаған кітабы жарыққа шығады. Аталған конкурс 2017 жылдың 3 маусымынан бастап тамыздың 15 дейін жалғасты. Суреттер жиналып болған соң, әділқазылар алқасы мүшелерінің отырысында 15 жұмыстың жеңімпаздары таңдап алынды. «Ержүрек Вакцина» атты ертектің авторы филолог, ҚР еңбегі сіңген педагог Мұхан Қуатбаев.

«Осы ертегі кітапты жазу идеясы менің әкеме ұрпақ сабақтастығына арналған мемуарында өзінің ата тегінің тарихын көрсетуіне негіз болды, - деп әңгімеледі «Вакцинология» қоғамдық бірлестігінің президенті Айнагүл Қуатбаева. «Менің әкем отбасындағы 14-ші бала және бір анадан туған әкемнің 15 аға-қарындастарынан - тек үшеуі ғана тірі қалған. Оған бірнеше жыл сайын болатын жұқпалы аурулар себепші болған. Оның үстіне Қазақстанда вакцинация 40 жылдардың басында ғана белсенді түрде ене бастады. Вакцинация енгізілгенге дейін жұқпалы аурулар мыңдаған адамдардың өмірін қиған, ал енді тірі қалғандарының ішінде мүгедек болып қалғандары қаншама. Қазіргі күні әкемнің 21 немересі бар, әрине ол бала-шағаң мен туыстарыңның қасыңда болғаны қаншалықты бақыт екендігін айтып отырады. Ең алдымен бұл ертегіні әкем өзінің немерелері үшін жазды және немерелерінің өз денсаулығын балалық шағынан сақтауы керектігін түсіндіру мақсатында өз түсінігі мен білімін беру негізгі мақсаты болды. Сонымен қатар, көзге көрінбейтін жауыздыққа вакцинация жасау керектігін көрсете отырып, балалардың екпе алудан қорықпауына да үндеу салып отыр», - деді Айнагүл Мұханқызы.

Аталған жобаны әділқазылар алқасы құрамында ҚР Мәжілісінің депутаты, Балалардың құқықтарын қорғау істері бойынша өкілі Зағипа Балиева, «Ғылыми-медициналық қоғам» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сурия Есентаева, ҚР Денсаулық министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Еркін Дүрімбетов, Қазақстан Республикасындағы Pfizer Export B.V. компаниясының вакцина департаментiнiң меңгерушісі Әсел Шоқаева, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, суретші Марат Бекеев, музыкалық продюсер, музыкант Нұрлан Қаражігітов, продюсер, тележүргізуші Серік Ақышев қолдау көрсетті.

«Өз денсаулығыңа қамқор болу - бұл балаларды ерте жастан тәрбиелеуге қажетті мәдениеттің, өмір салтымыздың бір бөлігі. Бұл жобаны өте жақсы бастау деп қарастыруға болады. Біз үлкен азаматтық ерлікке ұмытылып, тұрғындар арасында медициналық сауаттылықты көтеру бағытында белсенді жұмыс істеуіміз керек және ағарту-әлеуметтік жобаларына Қазақстанның болашағына жанашыр адамдардың барлығын қатыстыру керек», - деп мәлім етті Мәжіліс депутаты, ҚР Балалардың құқықтарын қорғау істері бойынша өкілі Зағипа Балиева.

Конкурсқа 3 пен 8 жас аралығындағы балалар қатысты. Аталған ертегі және конкурс шарттары алдын ала www.konkurs.nmo.kz сайтында жарияланды, балалар ұсынылған 5 тақырыптың біреуін таңдап өз өнер туындысын электрондық мекенжайға жіберу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, конкурс аясында Алматы, Астана, Ақтау, Қарағанды, Шымкент қалаларының ірі сауда орталықтарында сурет салуға арналған балалар алаңдары ұйымдастырылды.

«Қатысушылардың 3 тен 8 жасқа дейін таңдалып алынуы кездейсоқтық емес, себебі осы жас аралығындағы балалар санасында денсаулық және медицина туралы мағлұматтардың іргесі белсенді түрде қаланады. Өз кезегінде, осы жас топтарындағы балалардың ата-аналары жұқпалы аурулардың алдын алуына арналған шаралар туралы негізделген ақпараттарға зәру», - дейді «ҒМҚ» ҚБ төрайымы Сурия Есентаева.

Бұл жоба «Ғылыми медициналық қоғам» және «Вакцинология» қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастырумен және ҚР Денсаулық сақтау министірлігі, Қазақстан Республикасындағы Pfizer Export B.V. компаниясының филиалы, Mega Park, Mega Silkway сауда ойын-сауық орталықтары және Next ойын-сауық орталықтарының қолдауымен іске асырылуда.

«Біз өзіміздің негізгі қызметіміз - иммунопрофилактика, онкология, жүрек-қан тамыр жүйесіне, ревматология және сирек кездесетін ауруларға арналған инновациялық тиімді препараттарды жасаудан басқа - Пфайзер компаниясы әлеуметтік жауапты бола тұрып, халық арасында білім және ағарту жұмыстарына арналған әлеуметтік жобаларды қолдаймыз. Қоғамдық денсаулықты жетілістіру көп жағдайда азаматтардың өз денсаулығына дұрыс қарым-қатынаста болуына байланысты. Бұл мақсатқа жету үшін адамдардың өмірін сақтап және оның сапасын жақсартуда бірлесіп іс-әрекет жасауымыз керек», - деді Қазақстан Республикасындағы Pfizer Export B.V. компаниясының филиалының директоры Махматов Маусыр.

Баспасөз мәслихаты барысында конкурстың қазылар алқасы жеңімпаздардың есімдерін жариялады. Сонымен қатар, 2017 жылдың 16 мен 23 тамыз аралығында өткен онлайн дауыс беру қортындысы бойынша үздіктерді анықтады.

Ертегі кітап 2017 жылы 17-18 қарашасында Алматы қаласында өтетін «Сену және өмір сүру» әлеуметтік-медицина форумы жұмысының аясында көпшілікке таныстырылады. Қазіргі уақытта байқаудың ұйымдастырушылары ертегі кітапты емханалар және кітапханаларда тегін тарату мақсатында оны жарыққа шығаруға және көбейту серіктестер іздестіруде.

Жеңімпаздардың есімдері:

Жас топтары: 3-4 жас

№ 1 тақырып: Сұм Жезтырнақ пен оның көмекшілері -София Стефановская, 4 жас, Алматы қ-сы.

№ 2: Вакцинаның дүниеге келуі -Катерина Кучева, 4 жас, Қарағанды облысының Осакаровка кенті.

№ 3: Жезтырнақ жақындап келеді - Айжан Рахимбек, 4 жас, Приозерск қ-сы.

№ 4: Вакцина мен бактериялардың шайқасы -Вероника Журавлева, 4 жас, Шахтинск қаласы.

№ 5: Вакцинаның жеңуі -Марьям Түгелова, 4 жас, Ақтау қаласы.

Жас топтары: 5-6 жас

№ 1 тақырып: Сұм Жезтырнақ пен оның көмекшілері -Александр Скакунов, 5 жас, Петропавл қ-сы.

№ 2 тақырып: Вакцинаның дүниеге келуі - Адия Фомина, 6 жас, Көкшетау қ-сы.

№ 3 тақырып: Жезтырнақ жақындап келеді - Жансая Алдаберген, 5 жас, Приозерск қ-сы.

№ 4 тақырып: Вакцина мен бактериялардың шайқасы -Данияр Төлегенов, 5 жас, Петропавл қ-сы.

№ 5 тақырып: Вакцинаның жеңуі - Әмина Бекежанова, 6 жас, Алматы қ-сы.

Жас топтары: 7-8 жас

№ 1 тақырып: Сұм Жезтырнақ пен оның көмекшілері -Аделия Бестонова, 8 жас, Семей қ-сы

№ 2 тақырып: Вакцинаның дүниеге келуі - Дінмұхамед Пернебек, 7 жас, Алматы облысы Бекболат ауылы

№ 3 тақырып: Жезтырнақ жақындап келеді -Альбина Нұрлан, 7 жас, Кызылорда қ-сы

№ 4 тақырып: Вакцина мен бактериялардың шайқасы - Әмина Қасымова, 8 жас, Астана қ-сы

№ 5 тақырып: Вакцинаның жеңуі - Әбілмансұр Жанат, 8 жас, Қарағанды қ-сы

Соңғы жаңалықтар