Вакцинация: Алматылықтарға медициналық ақпарат жүйесі арқылы шақырту жіберіліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы №17 емхананың дәрігер-эпидемиологы Галина Рогатовская вакцинация барысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бастапқыда біз медицина қызметкерлерін, мектеп, интернат мұғалімдерін, әлеуметтік мекемелер және полиция қызметкерлеріне вакцина салдық. Оларға екпе салу аяқталып келеді. 2 сәуірден бастап созылмалы ауруы бар диспансерлік топтағы пациенттерді вакциналауға кірістік», - деді Галина Рогатовская.

Эпидемиолог дәрігер олардың отандық вакцинаның 2200 дозасын алғанын және онымен сәтті жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Вакцинаны квинки ісінуі бар, жүкті және бала емізетін әйелдерге жасамаған жөн. Сонымен қатар, вакцинацияға 18 жасқа дейінгі балалар жіберілмейді. Коронавирусқа қарсы вакцинаны 63 жастан асқан адамдарға жасауға рұқсат етіледі»,-дейді дәрігер.

Оның айтуынша, вакцина әр адамға әрқалай әсер етуі мүмкін.

«Вакцина салғанан кейін үш күн ішінде кері әсері болуы мүмкін және оларды асқыну деп атауға келмейді. Бұл - қалтырау, дененің сырқырауы, дене температурасының аздап көтерілуі. Біздің деректеріміз бойынша, екпе салдырғандардың 25-30%-да осы белгілер байқалып отыр. Қалғандар шағымданған жоқ. Ауыр белгілері де тіркелген жоқ», - деді ол.

Сонымен қатар, ол тұрғындарға медициналық ақпараттық жүйе арқылы шақырту жіберілгенін атап өтті.

«Халыққа екпе жүргізу 2 сәуірде басталды, оған дейін созылмалы ауруы бар науқастарға медициналық ақпараттық жүйе арқылы шақыру жіберілген болатын. Екі күнде 1300 адам егілді. Вакцина салдырғандар қатарында шетелдік азаматтар да бар»,- деп түйіндеді дәрігер.


Соңғы жаңалықтар