Вакцинация өз пайдасын тигізеді – Бельгияның премьер-министрі

БРЮСЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгияда халық вакцина алудың арқасында COVID-19 індетіне шалдығу мен көмекке мұқтаж болу деңгейі азайды Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Александр Де Кроо әлеуметтік желі арқылы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вакцинация өз пайдасын тигізеді – Бельгияның премьер-министрі

«Дегенмен індеттен барынша қорғану үшін, әр азаматтың екінші инъекцияны алғаны маңызды»,- деді бельгиялық премьер министр.

Бүгін Бельгияда Үкімет жанындағы консультативтік комитеттің кезекті отырысында пандемиямен күресте кезекті шаралар қабылдануы тиіс.

Бүгінде Бельгияда коронавирус індетіне шалдығудың өсуі байқалады, дегенмен ауруханаға жатқызу мен өлім көрсеткіші төмен.

20 шілде де 26 832 Бельгия тұрғынынан (бұл жалпы халықтың 2,4 пайызы) аталған вирус анықталды. Оның ішінде 89 науқас стационарда ем алып жатыр.

Бельгияда вакцина алу бойынша жоғары көрсеткіш Фламанд өңірінде байқалады, бұл аймақта шілденің соңына қарай халықтың 80 пайызын вакцинациялау жоспарланып отыр.