Вакциналау паспортын сатып алған павлодарлық ауыр халде жатыр

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда вакциналау паспортын сатып алған әйел адам ауыр халде жатыр. Ол өзіне және туыстарына төлқұжат сатып алғанын мойындады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
None
None

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазинов мәлім етті.

Кардиологияда жалған төлқұжат алған әйел жатыр. Ол өзіне және туыстарына төлқұжат сатып алғанын мойындады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр. Жасанды желдету аппаратына қосылған, - деді Айдар Сейтқазинов.

Спикер өңір тұрғындарын жалған вакциналау паспортын алмауға шақырады.



Соңғы жаңалықтар