16:39, 10 Қаңтар 2024 | GMT +5
Вакцина алғандарға да қызылша қауіпті ме - маман пікірі
Қызылшаға қарсы вакцина алуына қарамастан адамның аталған дертке шалдығуы мүмкін бе? Аталған сауалға маман жауап берді, деп хабарлайды Kazinform.
«Қызылшаға қарсы вакцина алғандардың ішінде 2,5-4% аталған дертке шалдығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Бірақ, вакцина алып ауырған жағдайың өзінде ол жеңіл соғады. Сонымен қатар асқыну болмайды. Тағы бір мәселе баланың немесе ересектің иммундық жағдайына да байланысты», - деді Астана медицина университеті балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешева ОКҚ-де өткен брифингіде.
Оның айтуынша, қызылшаға қарсы екпе алғандардың 95-96% ол дертпен ауырмайды.