Валентина Исламова әйелдер күресінен Олимпиадаға жолдама алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір лицензиямен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Валентина Исламова әйелдер күресінен Олимпиадаға жолдама алды

Валентина Исламова ширек финалда түркиялық Евин Демирханды 12:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Осылайша, 50 келі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының лицензиясына иелік етті.

Исламова финалға шығу үшін румыниялық спортшымен кездеседі.