07:37, 27 Қараша 2014 | GMT +5
Валери Амос БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметінен кетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Валери Амос келесі жылдан қызметінен кетеді.

Валери Амостың лауазымынан кету жөніндегі ниеті туралы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун хабарлады. Ол Амосқа көмекке зәру адамдарды қорғағаны үшін ризашылығын білдірді.
Пан Ги Мун сондай-ақ оған «БҰҰ мен гуманитарлық қауымдастық алдындағы еңбегі» үшін алғыс айтты.
Валери Амос 2010 жылдың қыркүйегінен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған.