21:01, 26 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Валерий Газзаев Қазақстан құрамасының бас бапкері атануы мүмкін
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына үміткерлердің бірі - Валерий Газзаев, деп хабарлайды «Sports.kz».

Мәскеулік ЦСКА, киевтік «Динамо» және Ресей құрамасымен жұмысы арқылы танылған маман қазір Владикавказдың «Алания» футбол клубының президенті, сондай-ақ Біріккен футбол дигасының директоры қызметтерін атқарып жүр.
Сайттың жазуынша, Газзаевтың жалақысы жылына 3 миллион доллардан кем болмайды.