Валерий Меладзенің Алматыдағы концерті өтпейтін болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 20, 23 және 25 қаңтарға жоспарланған Валерий Меладзенің концерті өтпейтін болды.

Валерий Меладзе
Фото: концерт ұйымдаструшыларынан

Ресейлік әнші Валерий Меладзенің отбасындағы қайғылы жағдайға байланысты қаңтар айына жоспарланған концерті кейінге шегерілді.

«Құрметті достар! Жақын адамдарының бірінің қайтыс болуына байланысты, маған Алматыда өтетін концертімді 2,4 және 6 ақпанға ауыстыруыма тура келіп тұр. Мені түсінесіздер деп ойлаймын»,- деді әнші.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сатып алынған барлық билет жаңа күнге жарамды болады.

Билетті өткізу үшін алынған жерге хабарласу керек.

Соңғы жаңалықтар