Валюта бағамын түзету шаралары отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға оң ықпал етеді - Үкімет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет валюта бағамының өзгеруіне байланысты қалыптасқан жағдайға тиісті шараларды қабылдайды. Бұл туралы бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мәлім етті.

Валюта бағамын түзету шаралары отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға оң ықпал етеді - Үкімет басшысы

«Ағымдағы аптада Ұлттық валюта бағамын түзету шаралары отандық тауарлар мен оларды өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға оң ықпал етеді деп пайымдаймыз. Сонымен қатар кейбір отандық тауар өндірушілерде қиындықтар туындауы мүмкін екенін түсінеміз. Негізінен олар жаңа өндірістерді құру немесе қолданыстағы өндірістерді жаңғырту үшін валюталық несиелер есебінен құралдар мен материалдарды импорттайтындарға қатысты болмақ», - деді С. Ахметов.

Осы орайда Үкімет басшысы қалыптасқан ахуалға талдау жасалып, қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.