Валютаның құбылуы шамадан тыс - Әлия Молдабекова

АСТАНА. KAZINFORM - Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова соңғы уақыттағы валютаның құбылуын шамадан тыс деп бағалады.

заместитель председателя Национального банка РК Алия Молдабекова
Фото: ҚР Ұлттық банкі

Оның айтуынша, сыртқы нарықтардағы құбылмалы жағдай валюта нарығына қатысушылардың қимыл-әрекетіне де әсер етеді.

«Ұлттық банк ұлттық валюта бағамына тән өзгерістерге мән бере қоймайды. Өйткені мұның барлығы фундаменталды факторлармен дәйектелген. Алайда, соңғы күндердегі теңгенің құбылуына – тек қана фундаменталды факторлар ықпал етпей отырғанын айтуға мәжбүрміз. Осыған байланысты Ұлттық банк ұлттық валютаның құбылу шамасын – шамадан тыс деп бағалайды. Ұлттық банк ішкі валюта нарығындағы жағдайды қадағалап отыр. Ағымдағы үрдістер, әсіресе, спекулятивті көңіл-күй сақталған жағдайда, әділ бағам қалыптастыруды қалпына келтіру үшін және ұлттық валюта бағамының күрт өзгеруіне жол бермеу үшін Ұлттық банк жедел әрекет етіп, валюталық интервенция жүргізуге дайын»- деді Әлия Молдабекова.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы соңғы жағдайларға түсініктеме берді. Айта кетсек, соңғы күндері қор нарығында доллар бағасы күрт қымбаттап, 495 теңгеден асты.

Соңғы жаңалықтар