03:34, 24 Мамыр 2016 | GMT +5
Ван дер Беллен Австрия президенті болып сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияда президент сайлауының екінші туры аяқталып, «Жасылдар» партиясының бұрынғы басшысы және тәуелсіз кандидат Александр Ван дер Беллен жеңіске жетті, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Оның қарсыласы Австрияның әсіреоңшыл «Еркіндік» партиясы атынан сайлауға түскен кандидат Норберт Хофер жеңілгенін мойындады.
Екі кандидат арасындағы жиналған дауыс айырмашылығы үлкен емес: Ван дер Белленге 50,3 пайыз дауыс берілсе, Хофер 49,7 пайыз сайлаушылардың дауысын жинады.