Ван Гогтың өлер алдында салған картинасы 61 млн. долларға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Винсент Ван Гогтың өлер алдында салған «Натюрморт. «Түймедақтар мен көкнәр гүлдері бар сауыт» картинасы Нью-Йоркте өткен «Импрессионизм мен модернизм өнері» Sotheby's бәссаудасында 61,8 млн. долларға сатылды, деп хабарланды бәссауда үйінің сайтында.
Ван Гог бұл туындыны 1890 жылы Парижге жақын маңайдағы Овер-сюр-Уаз қалашығындағы өзінің досы, суретшінің денсаулығын қадағалаған доктор Поль Гашенің үйінде болғанда салды. Болжам бойынша, ол кезде қаражаттан қиналған суретші бұл шығармасын Гашеге медициналық көмегі үшін берген.