Вандалдар Берлинде Бетховен, Гайдн, Моцарттың ескерткіштерін қиратты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзірге белгісіз бұзақылар Берлинде композитор Людвиг ван Бетховен, Йозефу Гайдн және Вольфганг Амадей Моцарт (Komponistendenkmal) ескерткіштерін қиратып кеткен.
Германия астанасының полициясы хабарлағандай, қылмыскерлер монументке антисемиттік жазбалар қалдырған.
Арандатушылықты дүйсенбіде таңертең жүргінші кездейсоқ байқап қалған. Берлиннің жасыл желекті қорғау қызметінің жұмысшылары жазбаны өшірді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Рудольф пен Вольфганго Зимерингам 1904 жылы орнатқан ұлы композитор ескерткіші Берлин орталығындағы Тиргартен саябағында орналасқан. Күмбезді ескерткіштің биіктігі 10 метр. Оның үш жағында үш композитордың мүсіні бейнеленген.