Ванильді йогурт көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Майлылығы төмен ванильді йогурт - жақсы өнім. Вагенинген Университетінің сарапшылары анықтағандай, ол ас қорытуға ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар жақсы көңіл-күй сыйлай алады, деп жазды IBN Live.

Ванильді йогурт көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі

Өз жұмысында мамандар жаңа әдісті - эмоциялық проекцияны пайдаланды. Оны түрлі йогурттардың дәмін тату кезінде қолданды.

Ғалымдар еріктілердің көңіл-күйін тексерді. Үш топ болды (кем дегенде 24 адамнан). Әрбір топ екі түрлі йогуртты алды. Өнім дәмі және майлылығымен ерекшеленді.

Майы аз ванильді йогурт қатысушылардың көңілін көтерген. Бұл ваниль иісі адам психикасы үшін пайдалы екенін тағы бір дәлелдеді. Бұрын аурухананың қабылдау бөлімінде таратылған ваниль иісі агрессия көрсеткішінің төмендеуін көрсеткен.