Ванкувер қаласы олимпиада деревнясын 2010 жылғы Ойындардың ұйымдастыру комитетіне табыс етті

АСТАНА.  Қарашаның  5-і.  ҚазАқпарат -  Ванкувер қаласы   Олимпиадаға 100  күн қалғанда, яғни сәрсенбі күні   олимпиадалық деревняны    2010 жылғы қысқы   Ойындардың   ұйымдастыру комитетіне  табыс  етті.

Ванкувер қаласы     олимпиада деревнясын     2010 жылғы   Ойындардың   ұйымдастыру комитетіне  табыс етті

Ванкувер   мэрі Грегор  Робертсон    ресми   рәсімде        құрылысы  үш  жыл  бойы   салынған  және     2010 жылғы  Олимпиада ойындары  кезінде   спортшылар,  жаттықтырушылар,       төрешілер  мен  басқа  да  қатысушылар   тұратын  деревняның       символдық  кілтін     Ванкуверде өтетін  Олимпиадалық   және  Параолимпиялық   ойындардың      ұйымдастыру комитетінің  басшысы  Джон  Фурлонгқа    табыс етті.

 Олимпиадалық деревня  ұйымдастыру комитетіне   6 айға  беріліп отыр - Олимпиада және  параолимпия  ойындары тарихқа  айналғаннан кейін, 2010 жылы сәуірдің  30-да    ұйымдастыру комитеті      деревняны     қалаға қайтарады.