Вануату аралдары Абхазияны таныды
АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Абхазия Республикасының тәуелсіздігін тағы бір мемлекет таныды. Ол - Тынық мұхитында орналасқан Вануату аралдары республикасы,
деп хабарлады Абхазияның Сыртқы істер министрлігі ресми хабарлама жасап.
Вануату Үкіметі «Абхзиямен дипломатиялық қарым-қатынас орнату - мемлекеттердің арасындағы достық қатынастың дамуына қолдау болатындығына, бірлескен жобалардағы серіктестіктерге және сондай-ақ алдыңғы қатарлы технологиялармен алмасуға қосымша мүмкіндіктер ашатындығына» сенім білдіріп отыр.