Вануату аралындағы зілзаланың салдарынан Тынық мұхиттың оңтүстігінде цунами пайда болды

 АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат  -   Аймақтағы   бірнеше қуатты зілзаланың салдарынан бейсенбі күні  Тынық мұхиттың  оңтүстігінде  цунами     пайда болды, 

Вануату   аралындағы  зілзаланың салдарынан  Тынық мұхиттың  оңтүстігінде  цунами     пайда болды

деп хабарлады «РИА «Новости» агенттігі Рейтерге сілтеме   жасап.

 Вануата  және  Соломон   аралдарының арасындағы  аумақта   қалыптасқан    толқындардың биіктігі  туралы әзірге   ақпарат  жоқ.   Бірақ та,   мамандардың  айтуынша, толқындардың біраз   әбігер  әкелетіні анық.

Франс Пресс агенттігінің деректеріне қарағанда,  қазір  Вануата елордасы  Порт-Вила   қаласының  тұрғындары    таулы    жерлерге  көшірілуде.   Сондай-ақ   Жаң Каледония мен  Фиджи  аралдарының  жағалаудағы  аудандарынан да адамдар   көшірілуде.

 Естеріңізге сала кетейік,  бейсенбі күні   таңертең  Вануата аралының  жағалауында    15 минуттың аралықпен  магнитудасы 7,8  және 7,3   балдық     екі   зілзала  тіркелді.