Вануату жағалауында күшті жер сілкінісі болды

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Тынық мұхитындағы Вануату жағалауында күші 6,8 балдық жер сілкінісі болды,
None
None

деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің ақпараты бойынша, оның кіндігі Вануату Республикасында, Санто тауының солтүстік батысына қарай 231 шақырым жерде орналасқан, ал ошағы - 66 шақырым тереңдікте жатыр.

Цунами болу қауіпі туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Қаза тапқандар туралы әзірге мәліметтер жоқ.

Соңғы жаңалықтар