Варшава әуежайына ұшақ шассисіз қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаның LOT ("ЛОТ") авиакомпаниясының ұшағы сәрсенбі күні Варшаваның Фредерик Шопен атындағы әуежайына апаттық жағдайда қонды, деп хабарлайды ТАСС.
RMF FM радиостанцияның ақпаратына қарағанда, ұшақ шассисіз қонған. Бортта 63 адам болған, олардың ішінде төртеуі экипаж мүшелері. Ешкім зардап шеккен жоқ. Әуежай уақытша жабылды.