Варшава университетінде қызметкерді өлтіріп кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Варшава университетінде қызметкерді айуандықпен өлтіріп кеткен, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Агенттік Daily Mail-ге сілтеме жасап хабарлағандай, Польшадағы университетте балтамен жасалған шабуылдан кейін кесілген бас табылды. Сәрсенбі күні полиция қызметкерлері Варшава университетінде әйелді балтамен өлтірді деген күдікке ілінген 22 жастағы поляк жігітін ұстағанын хабарлады.
Хабарланғандай, қолына балта ұстаған жас поляк университет кешеніне сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 17:40 шамасында кірген.
Polsat News жеке телекомпаниясы университетте әйелдің кесілген басы мен балта табылғанын хабарлады.
Аймақтық прокуратура өкілінің хабарлауынша, университеттің әкімшілік қызметкері болған әйел оқу орнында өлтірілген, ал жарақат алған күзетші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Оның айтуынша, шабуылдаушы университеттің аудиториясына кірген. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, күдікті студент болған.
Варшава полициясының әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жариялады.
— Полиция Варшава университетінің кампусына кірген ер адамды ұстады. Бір адам қаза тауып, жарақат алған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.
Варшава университетінің ректоры өз мәлімдемесінде 8 мамыр білім мекемесінде қаралы күн болатынын айтып, шабуылды «үлкен трагедия» деп атады.
Бұған дейін Варшавадағы үлкен сауда кешенін өрт шарпығаны белгілі болды.