Варшавада Астананың 20 жылдығы атап өтілді

ВАРШАВА. ҚазАқпарат - Варшавада Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен елорданың 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
None
None

Іс-шараға Польша Президенті Кеңсесінің, Үкіметі мен Парламентінің жоғары лауазымды өкілдері, шетелдік дипломаттар, қазақстандық қоғамдастықтың өкілдері, көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Қазақстанның Польшадағы Елшісі Марғұлан Баймұхан қазақстандық отандастарымызды Астананың мерейтойымен жылы құттықтады. Ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған заманауи қала әлемнің озық астаналарының қатарына қосылатынына сенім білдірді.

М.Баймұхан шетелдік аудиторияға «Астана бренді» заманауи, серпінді дамып келе жатқан, танымал және әлемде лайықты беделге ие мегаполис ретінде қысқаша бейнелеп айтып берді.
null 

Атап айтқанда, Қазақстан астанасының өңірлік және жаһандық дипломатияның орталығы ретінде рөлі туралы баса айтылды. Осылайша, Польшаның өкілдік делегациясының 2018 жылғы 19-22 маусымда Астанада өткен 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресінің жұмысына қатысуы, соңғы мысалы ретінде келтірілген болатын.

Елші елорданы, қазақ халқының бірдей шоғырландырылған ұлтты қалыптастырудың қуатты факторы, мемлекеттің экономикалық дамуының локомотиві ретінде сипаттады. Астананың индустриалдық, қаржылық, инновациялық, мәдени, медициналық және білім беру орталығы, шикізатқа тәуелді емес Қазақстанда баламалы экономиканы құрудың драйверлерінің бірі болып табылатыны атап айтылды.

Сыртқы серіктестермен тиімді өзара іс-қимылдың маңыздылығын ескере отырып, М.Баймұхан поляк тарапын өзара тиімді негізінде Астананың дамуына елеулі үлес қосуға шақырды.

Осыған байланысты Қазақстан-Польша қарым-қатынасында шешілмеген мәселелердің жоқтығы қанағаттанушылықпен атап өтілді.

Қазақстан дипломаты поляк достарын ұлттық тарихтағы маңызды оқиға - 2018 жылы кеңінен атап өтіліп жатқан Польша тәуелсіздігін қалпына келтірудің 100-жылдық мерекесімен құттықтады.

Қонақтарға Астана туралы қысқаша бейнеролик көрсетілді.

Іс-шараға Ақмола облысының «Шалқыма» халық би ансамблінің номерлері жарқын бояуды берді. Бұл танымал шығармашылық ұжым «Folk Harbor - Gorzow 2018» ХХV халықаралық би фестивалінің шеңберінде поляк қалаларын гастрольмен аралап жүр.

null 

Соңғы жаңалықтар