Варшавада қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта сұлатып салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын бірінші раундта сұлатып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Биыл ғана кәсіпқой боксқа ауысқан жерлесіміз Али Балоевтің бұл екінші жекпе-жегі. Алғашқы айқасында да жеңіске жеткен болатын.

Бұл жолы ол Варшавада (Польша) жергілікті боксшы Артур Навроцкийді (1-1-0), 1- раундтың алғашы минуттарында нокдаунға жіберді. Ары қарай төреші кездесуді жалғастырудан бас тартты. Себебі, Навроцкий жерлесіміздің ауыр соққысынан есеңгіреп қалды.

Екі боксшы арасындағы айқас ауыр салмақтағы (90,8 келі - 200 фунт) 4 раундқа жоспарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 23 жасар қазақстандық боксшы Али Балоев, 18 ақпанда Ригада (Латвия), Олимпиада спорт орталығында өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізіп, 4 раундтық кездесуде, 32 жасар жергілікті боксшы Маркес Ковалевскисті нокаутпен ұтқан болатын.

Айта кетейік, Али Балоев Алматыдағы «Абылай хан» залында белгілі жаттықтырушы Сағатбек Мұсахановтың қол астында жаттығады. Ғалым Жарылғапов атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы.

Соңғы жаңалықтар