Варшавада НАТО саммиті басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Варшавада екі күндік НАТО саммиті ашылды.
None
None

Оған НАТО-ға мүше 28 елдің мемлекет және үкімет басшыларынан бөлек 26 серіктес-мемлекеттің делегациясы және негізгі халықаралық ұйымдар қатысуда.  Мемлекет басшыларымен бірге сыртқы істер және қорғаныс министрлері барды, саммит алаңында министрліктер деңгейінде көптеген екі жақты кездесулер өтеді.  

Варшавалық форумның басты тақырыбы альянстың шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттағы қорғанысын күшейту, сонымен қатар түрлі аймақтардағы НАТО серіктес елдерімен, негізінен Таяу Шығыстағы елдермен ынтымақтастықты күшейту болмақ.

Саммитте шешілетін мәселелердің қатарында: Польша мен Балтияның үш елінде төрт көп ұлтты батальонды орналастыру, Румынияда көпұлтты бригаданы құра бастау, НАТО зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін әскери дайындықтың базалық (негізгі) деңгейіне шығару туралы жариялау,  сонымен қатар Жерорта теңізінде болуы мен  альянстың Парсы шығанағы елдерімен ынтымақтастығы және Ауғанстанда әскери емес шараларды ұзарту бар.

НАТО лидерлері мен  Варшаваға шақыртылған ЕО институттарының басшылары екі ұйымның ынтымақтастығы туралы бірлескен декларацияға қол қойды.  

Саммитте әскери шығындарды арттыру жайы қаралады.  

Жұма күні альянс елдерінің лидерлері Ресеймен қарым-қатынасты және алдағы уақытта Ресей-НАТО (СРН) желісі бойынша кездесулер өткізу перспективаларын талқылайды.  Елшілер дәрежесіндегі СРН-ның алдағы жиыны 13 шілдеде өтеді деп жоспарланған. Онда   Украина, Ауғанстан және варшавалық саммит қорытындысы туралы сөз болмақ.

Саммит аясында  НАТО - Украина және НАТО - Грузия Комиссияларының отырыстары өтті, деп жазды ТАСС.

Соңғы жаңалықтар