Варшавада польшалық пен ресейлік жанкүйерлер төбелесті

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Футбол фанаттары Варшавада Польша мен Ресей командаларының кездесуі алдында төбелесті.

Варшавада польшалық пен ресейлік жанкүйерлер төбелесті

Агрессивті жанкүйерлерді тарқату үшін полиция су шашқыштарды қолданып, ескерту ретінде ауаға тапаншадан оқ атты. Бұл туралы РИА Жаңалықтары хабарлады.

Ресейлік фанаттардың колоннасы Висла үстімен өтетін көпірде қоршауға алынды. Тәртіп сақшылары ресейліктерге стадионға кіруге тыйым салды. Бұл, аренаның маңында екі ел жанкүйерлері топтарының арасында ара-тұра тартыстар болып тұруымен байланысты.

Кейбір мәліметтер бойынша, алғашқы зардап шегушілер де болды. Полицияның көліктеріне бастары жарылған екі адам жеткізілді. Зардап шеккендер қай елдің азаматтары екендігі белгісіз.

Бұл ретте, Вести.Ру хабарлағандай, 11 маусым күні Варшавада ресейлік жанкүйерлерге шабуыл жасалды. Таргувек ауданындағы қонақүйдің маңында ресейліктерге поляк тілінде сөйлеген 20 адам таянып, ұра бастаған.

РБК-ның мәліметтерінше, Польша полициясы Варшаваға радикалды бағыт ұстанған және ресейлік фанаттарға қарсы шықпақ ниеттегі екі мыңға жуық польшалық азамат бет алғандығын алдын ала хабарлады.