Варшавада «Шығыстық әріптестік» саммиті басталады

оған Еуроодақтың және алты бұрынғы кеңестік мемлекеттер - Арменияның, Әзірбайжанның, Грузияның, Украинаның, Молдова мен Беларустің басшылары жиналады, деп хабарлады ЕО Кеңесіндегі поляк төрағалығының баспасөз қызметі.
Шара Еуроодақ Кеңесінің төрағасы Херман Ван Ромпейдің, сондай-ақ ЕО-да төрағалық ететін Польшадан Дональдо Тускінің төрағалығымен өтеді. Бұдан басқа, Еуроодақ мүше-мемлекеттерінің 27 елінің көпшілігінің мемлекет және үкімет басшылары- Еуроодақ мүше мемлекеттері , Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу, Еуропарламент төрағасы Еди Бузек, ЕО-нің шетелдік істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон, сондай-ақ еуропалық көршілік саясаты және оны кеңейту жөніндегі еврокомиссар Штефан Фюле қатысад
Бұрынғы кеңес кезеңдегі елдер тарапынан бағдарламаға қатысушылар арасында Армения президенті Серж Саргсян, Азербайжан президенті Илһам Әлиев, Грузия президенті Михаил Саакашвили, Украина президенті Виктор Янукович, Молдова премьер-министрі Владимир Филат, Беларустан осы елдің Польшадағы елшісі Виктор Гайсенов қатысатын болады.
Польша төрағалығының баспасөз қызметі атап өткендей, мемлекеттер мен үкіметтер басшылары екі күндік кездесуде «Шығыстық әріптестік» форматындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын болады. Саммит ЕО-ның шығыстағы көршілерінің еуропалық ықпалдастығын кеңейтуге қуатты серпін бермек.
Бұл - «Шығыстық әріптестіктің» тарихындағы екінші саммит. Алғашқы құрылтай саммиті 2009 жылы мамырда Прага да өткен болатын.