Варшавада су тасқыны салдарынан мектептер мен басты жолдар жабылды

>АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Варшавада су тасқынының салдарынан мектептер мен басты жолдар жабылды,

Варшавада су тасқыны салдарынан мектептер мен басты жолдар жабылды

деп хабарлайды Associated Press.

Үкімет су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуге арналған бағдарлама жариялады. Атап айтқанда, компанияларға істі қалпына келтіру үшін үстеме пайызсыз несие беріледі. Сондай-ақ барлық ел бойынша қалпына келтіру жұмыстардың басталғандығы айтылған, бұл жаңа жұмыс орындарын ашады.

Маусымның 7-сіне қараған түні Висла өзені жағалаудан асып кетіп, Казимирец Дольны және Люблин қалаларына жақын жердегі Яновец елді мекенін су басып қалған.

Польша ішкі істер министрінің айтуынша, бұл облыстарда 700 гектарға таяу жерді су басқан, 155 адам апат орнынан құтқарылған. Қорғаныс плотиналары мен дамбылар табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмай отыр.